2025 жылдың 5 мамыр күні философия ғылымдарының кандидаты, «Операторлық өнер, звукорежиссура және арт-менеджмент» кафедрасының доценті Шаймерденова Сауле Қайыркенқызы «Батырлар рухына тағзым: қазақ жауынгерлері туралы естелік» атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
9 мамыр жай ғана күн емес, бұл ұрпақтар арасындағы тірі байланыс, бұл – жүрегімізде сақталған алғыс сезімі, бұл – жыл өткен сайын құны арта түсетін ұлт жады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары, генерал-майор Төлепбаев Самат Болатұлы арнайы шақырылды.
Кездесуді К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің Халықаралық Ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорыНұртаза Р.С. ашып, өзінің атасы туралы жүрекжарды естелігімен бөлісті.
Шара барысында оқытушылар да өздерінің майдангер аталары мен туыстары жайлы айтып берді — олар майданда ерлікпен шайқасып, тылда аянбай еңбек етіп, қиындықтарға төзіп, Жеңісті жақындатты. Әр есімнің артында тек бір отбасының ғана емес, тұтас халықтың тарихы жатыр. Бұл жеке тағдырлар, қазақ халқының Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлік шежіресіне айналды.
Өткізілген бұл кездесудің мәні зор, бұл тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ескерту: біз есімізде сақтағанша – батырлар тірі.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.