УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылы 6 мамырда Астана қаласында Достық үйінде Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: ұлттар бірлігі» тақырыбында дөңгелек үстел – еске алу шарасы өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Шараға «Музыкатану және фортепиано» факультеті деканы, доцент Д. Останкович модераторлық етті.

ҚазҰӨУ-нен келесі оқытушылар баяндама жасады:

Қаудырова А. О., филология ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры. Тақырыбы: «Шығыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі»;

Юксель А. Т., PhD, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті. Тақырыбы: «Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі»;

Атанакова К. М., «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, PhD. Тақырыбы: «Жеңіс күні: оның мәні мен қоғам үшін маңызы».

Кездесудің қорытынды бөлімінде ҚазҰУ студенттері соғыс жылдарындағы әндерді, бейбітшілік пен ерлік тақырыбына арналған патриоттық әндер мен музыкалық шығармаларды орындады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.