УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Астанада С. М. Жакеев атындағы конкурс-фестиваль өтті

2025 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Астана қаласында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің мектеп-колледжінің АВАК бөлімшесі ұйымдастырған Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев атындағы конкурс-фестиваль өтті.

Конкурстың идеялық бастамашылары мен ұйымдастырушылары – С.  М. Жакеевтің шәкірті Айжан Еркенқызы Кульджанова және Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ мектеп-колледжінің АВАК пәндік-циклдік комиссиясының меңгерушісі Гүлмира Жұмаділқызы Буенбаева.

Конкурс А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің виолончель, арфа және контрабас бөлімін жиырма жылдан астам уақыт басқарған көрнекті педагог, Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің жарқын естелігіне арналды.

Конкурс қазылар алқасының құрамына С. М. Жакеевтің шәкірттері енді:

К. Ботабаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры;

А. Кульджанова – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері;

Е. Мынтаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

А. Сатыбалдинов – АВАК кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты;

Д. Саттыбаева – скрипка пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы.

Конкурс аясында жас виолончельшілердің, арфашылардың, контрабасшылардың және альтистердің орындаушылық тыңдаулары, сондай-ақ ұстаз жолын абыроймен жалғастырып келе жатқан дарынды педагог Айжан Еркенқызы Кульджанованың мерейтойына арналған концерт өтті.

Конкурс қойылымдары мен концерт жоғары кәсіби деңгейде өтіп, Қазақстан Республикасындағы виолончель мектебінің сабақтастығы мен биік деңгейін айқын көрсетті.

Байқау лауреаттары дипломдармен марапатталды, ал С. М. Жакеевтің отбасы тағайындаған бас жүлде – ақшалай сыйлық конкурс Гран-при иегері Карғалдаев Мирасқа табысталды. Құрметті сыйлықты байқаудың құрметті қонағы, Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің қызы Гүлнара Жакеева табыс етті.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық пен педагогикалық қызметте ұзақ ғұмыр, дарынды шәкірттер және С. М. Жакеев атындағы конкурс-фестивальдің одан әрі дамып, кеңейе түсуін тілейді.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.