УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Италияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.

2025 жылдың қараша мен 2026 жылғы наурыз айлары аралығында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында төрт студент Италияның Песаро қаласында орналасқан Джоакино Россини атындағы консерваторияда білім алуда.

Халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысу студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтуге, еуропалық музыкалық білім беру жүйесімен танысуға және халықаралық білім беру ортасында құнды орындаушылық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып жатқан студенттер:

Темірхан Шоқан Ермекұлы – 4 курс студенті, «АВАК» мамандығы;

Бақытжан Гузель Бақытжанқызы – 4 курс студенті, «АВАК» мамандығы;

Букаева Адина Арманқызы – 3 курс студенті, «Скрипка» мамандығы;

Серікбол Шерали Арыстанұлы – 3 курс студенті, «Үрлемелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы.

Оқу барысында студенттер консерваторияның білім беру бағдарламасын меңгерумен қатар, концерттік қызметке де белсенді түрде қатысуда. Олар оркестрмен бірге Италияның беделді концерттік сахналарында өнер көрсетуде. Алғашқы концерт Песаро қаласындағы «Teatro Sperimentale» театрында өтсе, екінші концерт Урбино қаласындағы «Teatro Sanzio» театрының сахнасында өтуде.

Академиялық ұтқырлық студенттердің кәсіби және шығармашылық дамуына ықпал етіп, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын және беделін нығайтуға үлес қосуда.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.