УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Astana IT University-де КазҰӨУ ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров пен Astana IT University ректоры Альтаир Амангельдиевич Ахметовтің жұмыс кездесуі өтті

Astana IT University-де КазҰӨУ ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров пен Astana IT University ректоры Альтаир Амангельдиевич Ахметовтің жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге және запас сержанттарын даярлауға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде КазҰӨУ студенттері үшін 8 әскери есептік мамандық бойынша запас сержанттарын даярлау қарастырылған, соның ішінде байланыс, радиоэлектрондық және цифрлық технологиялар саласында:

штаб сержанттары;

орта қуатты қысқашолақты радиостанциялар сержанттары;

төмен қуатты қысқашолақты радиостанциялар сержанттары;

қабылдағыш радиоқұрылғылар сержанттары;

бір жолақты радиостанциялар орта және төмен қуаттағы сержанттары;

электрондық есептеуіш машиналар сержанттары;

орта және төмен қуатты радиостанциялар сержанттары;

цифрлық радио-релейлік станциялар сержанттары.

Кездесу барысында Astana IT University әскери кафедрасының бастығы, генерал-майор Александр Каримович Аширов кафедраның 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және заманауи технологияларды енгізу мен цифрландыру үрдістерін ескере отырып запас сержанттары мен офицерлерді даярлайтынын таныстырды. Astana IT University әскери кафедрасы сонымен қатар Coventry University Kazakhstan, Astana International University және басқа университеттермен ынтымақтастық орнатқан. Қол қойылған меморандум КазҰӨУ студенттеріне шығармашылықты технологиялық және қорғаныс дайындығымен үйлестіре отырып, жаңа білім беру және кәсіби мүмкіндіктер ашады. Арнайы назар практикалық дағдыларды қалыптастыруға және әскери байланыс пен басқару жүйесінде қолданылатын заманауи техникалық шешімдерді меңгеруге аударылады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.