УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

2026 жылғы 5 ақпан күні 

“Музыкалық орындаушылық және педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Боранбаев оқулары» 15-ші Мерейтойлық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция өнер және мәдениет білімінің қазіргі, тарихи және жаңартылған қырларын, педагогикалық мұраны бағалау, сондай-ақ Қазақстандағы үздіксіз өнер-білім жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналды.

Шараға магистранттар, докторанттар, университет оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің (Украина, Ресей) ғалымдары қатысты. Конференция аясында заманауи ғылыми-зерттеу, білім беру инновациялары және болашақ жас ғалымдардың ғылыми әлеуеті талқыланды.

«Боранбаев оқулары» конференциясы 15 жыл бойы өнер-білім саласындағы ғылыми және педагогикалық тәжірибені дамытуға бағытталған маңызды алаң болып келеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.