УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» кафедрасы мен «Кинорежиссура және ТВ» кафедрасы SHABYT CHANNEL-мен бірлесе отырып, қазақ киносына арналған подкасттар сериясы - Vision 25 атты жаңа жобаны іске қосады.

Жобаның мақсаты - отандық кинематографияның қазіргі жағдайы мен әлеуетін саладағы жетекші авторлармен сұхбат арқылы пайымдау, индустрияның сын-қатерлері, ұлттық киноүдерістің ерекшелігі және жаңа шығармашылық тенденциялар туралы ой қозғау.

Жоба атауы vision - көру, бейне, кадр ұғымдарын және 25 - кино бейнесінің ырғағын, сондай-ақ қазақ киносының жүз жылдық жолын (1925–2025) білдіретін символды біріктіреді.

Бүгінде К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ өзіндік жанрлық және бейнелік қолтаңбасын қалыптастыруда; көптеген түлектер киноиндустрияда табысты еңбек етуде. Подкасттың іске қосылуы болашақ кино мектебін дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Подкаст қазіргі таңда режиссёрлер, продюсерлер, сценаристер, операторлар мен киносыншылар бетпе-бет келіп отырған негізгі мәселелерді тіркеп, осы өзгерістер туралы кәсіби диалогқа арналған алаң ашады.

Жоба авторы - киновед Инна Смаилова. Алғашқы шығарылымда ол кинода романтизмнің қайта оралуы тақырыбын көтереді: бейнелеу тілінде не өзгеруде, жас режиссёрлер мен тәжірибелі шеберлер шындықпен байланысты қалай құрып отыр және бүгінгі таңда кино құралдары арқылы адам туралы өзгеше сөйлеу неліктен маңызды.

Алғашқы эпизод SHABYT CHANNEL YouTube арнасында қолжетімді болады.

Кино туралы кәсіби әңгімеге қатысып, бірге ой бөлісуге шақырамыз.

Шығарылым қонақтары:

Әубәкір Сүлеев - белгілі қазақ кинооператоры («Балкон», «Отырардың күйреуі», «Қайрат», «Торо» және т.б.);

Әліби Мұқышев - Listapad халықаралық кинофестивалінде марапатталған «Өмір бойы билеу» фильмінің режиссёры.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.