УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

АЛҒЫС  АЙТУ  КҮНІ –
татулығы жарасқан елдің дәстүрі

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, жүректен шыққан жылы тілектерін айтып, ризашылығын білдіреді.
Биылғы Алғыс айту күні Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы үшін ерекше күн болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева университетке арнайы келіп,  Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға  көп  жылғы  қажырлы  еңбегі үшін министрлік атынан және жеке өз атынан шынайы алғысын  білдірді.  Айман Қожабекқызының өнер саласында сіңірген еңбектерін айта келе, Министр келешекте де Қазақстанның мәдениетіне  тәлімгер ұстаздың зор  үлесін  қосатынына сенім білдіріп, сөзінің жалғасында Айман Қожабекқызына мықты денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке тіледі.

Сөз  кезегінде  Айман  Қожабекқызына  ҚазҰӨУ  ректорының  м.а.,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов   өз тарапынан алғыс айтып, жылы лебізін білідірді.

Университеттің факультет декандары  да  педагогикалық ұжымның атынан алғыстарын айтып, Айман Қожабекқызына  денсаулық, бас амандығын және шығармашылық табыс тіледі.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.