Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен концерт залында 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы өтті. Өнер, білім, парасат байқауына университеттің 7 факультетінен 8 студент қатысып, тапқырлық, сахна мәдениеті, талаптарға сай болу сияқты қасиеттерін көрсетті. Іс-шара отансүйгіштік рухты арттырып, жастардың азаматтық болмысын, шығармашылық қабілетін және ұлттық дәстүрге құрметін насихаттауға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – «Режиссура, Арт-менеджмент және операторлық өнер» факультетінің 2-курс студенті Әділханбек Нұрасыл Русланұлы;
І орын және «Білімді жігіт» атағы – Музыкатану және «Композиция» факультетінің 2-курс студенті Жұмаділда Асылжан Дулатұлы;
ІІ орын – «Режиссура, Арт-менеджмент және операторлық өнер» факультетінің 2-курс студенті Сисенғалиев Сұлтанбек;
ІІІ орын – «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультетінің 2-курс студенті Қазбек Ибрахим.
«Көрермен көзайымы» номинациясын «Музыкалық орындаушылық» факультетінің 2-курс студенті Алшымбаев Мадияр Ерланұлы иеленді.
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өнерлі жастардың шығармашылық жолына сәттілік тілейміз!