УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің «Оркестрлік орындаушылық» факультетінің халықаралық конференциясы туралы

2026 жылдың 30 сәуір күні К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Әкім Тарази атындағы конференц-залында «Оркестрлік орындаушылық» факультетінің ұйымдастыруымен «Ішекті, үрлемелі және соқпалы аспаптардағы музыкалық білім беру: өткені, бүгіні және болашағы – тарихи-теориялық және әдістемелік аспектілер» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция Қайролла Жұмакеновтің туғанына 70 жыл толуына арналды және Қ. Жұмакенов атындағы үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындаушы жас музыканттардың II республикалық байқауы аясында ұйымдастырылды.

Жинақтың тұсаукесеріне аталған байқаудың қазылар алқасы мүшелері, сондай-ақ ҚазҰӨУ-дың жетекші педагогтері мен магистранттары қатысты.

Жинақтың редактор-құрастырушысы – өнертану ғылымдарының докторы, профессор Д.Ж. Жұмабекова.

Конференцияға мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, музыкатанушы, Б.  Бейшеналиева атындағы Қырғыз ұлттық мәдениет және өнер университетінің доценті М.К. Корпобаева, сондай-ақ Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының үрлемелі және соқпалы аспаптар кафедрасының меңгерушісі, доцент Ж.Х. Раджабов бастаған жас ғалымдар мен орындаушылар қатысты.

Үрлемелі және соқпалы аспаптар кафедрасының алғашқы меңгерушісі, профессор Қайролла Жұмакеновтің концерттік-орындаушылық және педагогикалық қызметі туралы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры К.М. Ахметов, ҚазҰӨУ «Оркестрлік факультетінің» деканы, доцент Е.Н. Мамырбаев, «Құрмет» орденінің иегері, ҚазҰӨУ доценті Н.М. Сапарова, А.Б.Шамуратова, А.Т.Нельдыбаев, Г.Т.Тлеугабылова және басқа да әріптестері жылы лебіздерін білдірді.

Дана Жұмабекова –

өнертану ғылымдарының докторы,

«Скрипка» кафедрасының профессоры,

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті,

Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.