ҚазҰӨУ ұстаздары мемлекеттік марапаттарға ие болды.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессор-оқытушылар құрамы бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болды.
Президент атынан берілген наградаларды салтанатты шарада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады.
Университетіміздің аға оқытушысы Салтанат Аябекқызы Әбілханова «Парасат» орденімен марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені театр және кино актрисасы, театр педагогі, профессор Жұмагүл Өмірзаққызы Мейрамоваға табысталды.
Ал Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Оралбек Сарыбасовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Сондай-ақ университетіміздің бірнеше оқытушысы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Осы орайда ұлттық руханияттың дамуына елеулі үлес қосып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар өнер мен білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға университеттің профессор-оқытушылар құрамы атынан ризашылығымызды жеткіземіз.
Еңбектері еленіп, мемлекеттік марапатқа ие болған барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту жолындағы қызметтеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!