УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

    График Astana Wind Fest 2024.pdf

     

    Қайролла Жұмакенов атындағы «Astana  Wind  Fest»
    үрлемелі және соқпалы аспаптар орындаушыларының
    І республикалық байқауы 

    Қайролла Әкірамашұлы Жұмакенов Қазақстан музыка мектебінің майталманы, өнер сүйер қауымның  арасында  «Қазақстанның алтын флейтасы» атанған  шебер орындаушы.

    Дарынды музыкант көптеген шетелдің танымал сахналарында Қазақстанның келбетін әлемге абыроймен  бейнелеп, Францияның,Венгрияның, Польшаның, Американың, Испанияның, Қытайдың, Тайваньның  музыка сүйер тыңдармандарын өнерімен тәнті етіп, таңдай қақтырған азамат.

    Қайролла  Жұмакенов артында сақадай сайрап жатқан жарық із қалдырған, өнегелі өнерін жалғастыратын шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Бүгінде сол шәкірттері үрлемелі және соқпалы аспаптар орындаушыларының І Республикалық байқауын ұйымдастырып, ұлы ұстазының есімін ұлықтап жатыр.

    Істеріңізге сәттілік болсын, Ұлы ұстаздың өнерлі де, ойлы шәкірттері!!!

    Құрметті өнер сүйер  қауым!
    Құрметті педагогтер мен шәкірттер, магистранттар мен  студенттер!

    Сіздерді  Қайролла Жұмакенов атындағы «Astana  Wind  Fest»
    үрлемелі және соқпалы аспаптар орындаушыларының
    І республикалық байқауында асыға қүтеміз!

    Өтетін орны:  Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университеті,
    Орган залы, Жеңіс даңғылы,33
    Өтетін уақыты:     2024 жылдың  15 -19 сәуірі


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.