УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 25 және 28 мамыр күндері Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Джоаккино Россини атындағы консерватория профессоры Клаудио Кампаделлионың шеберлік сабақтары өтті.

Италиялық профессордың қатысуымен өткен шығармашылық кездесулер студенттер үшін кәсіби тәжірибе алмасудың, орындаушылық шеберлікті жетілдірудің және еуропалық музыкалық мектептің ерекшеліктерімен жақынырақ танысудың маңызды мүмкіндігі болды.

Шеберлік сабақтары барысында қатысушылар музыкалық интерпретация, орындаушылық техника, сахналық мәдениет және кәсіби дайындық мәселелері бойынша құнды кеңестер алды.

Мұндай кездесулер университеттің халықаралық академиялық байланыстарын нығайтып, студенттердің шығармашылық көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.