УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
 БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық бюджет қаражаты есебінен мамандықтар бойынша шетелде оқуға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурстың 1-кезеңін жариялайды:

Оқу мерзімі: 2025 оқу жылы (көктемгі семестр)
Оқу орны: «Дж.Россини атындағы консерватория» Пезаро қ., Италия.

1. Ішекті аспаптар (скрипка) – 1 студент;
2. АВАК (виолончель) 1 студент;
3. Үрмелі аспаптар 4 студент (валторна, труба, тромбон, флейта);

 

Оқу мерзімі: 2025 оқу жылы (күзгі семестр)
Оқу орны: «Литва музыка және театр академиясы», Вильнюс қ. (Литва)

1. Академиялық вокал – 1 студент;
2. Хор дирижері – 1 студент;
3. Дыбыс операторы – 1 студент;
4. ОХА (аккордеон) – 1 студент.

Оқу мерзімі: 2025 оқу жылы (күзгі семестр)
Оқу орны: «Мишкольц университет», Мишкольц қ., Венгрия

1. Үрмелі аспаптар (гобой) – 1 студент;
2. АВАК (контрабас) – 1 студент.

Қаржыландыру шарттарына сәйкес білім алушыларға келесі ақы төленетін болады:
- екі жаққа ұшу;
- тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар;
- медициналық сақтандыру;
- виза;
- барлық қосымша шығындар мен тамақтану студенттің есебінен төленеді.

 

Байқауға қатыса алады:

- 2 және 3 курс бакалавриатының білім алушылары
- 4 курстың бакалавриат студенттері, тек күзгі семестрге
- академиялық қарызы жоқ;
- GPA кемінде 2.67;
- шет тілін білуді растайтын сертификатты.

 

БІРІНШІ КЕЗЕҢГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ТІЗІМІ:

  • Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады): шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS 5 балдан төмен емес, TOEFL (35-44 балл).
  • Мамандануы бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері.
  • Студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат.
  • Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болса).
  • Студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
  • Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт.
  • Резюме фотосуретпен.
  • Аудиовизуалды жазбаларға сілтемелер (мамандықтар бойынша).
  • Файл.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін.

Кандидаттар жөніндегі комиссияның жиналысы 2025 жылғы 30 қаңтарда өтеді.

 

МЕРЗІМІНДЕ ТОЛЫҚ ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР ҒАНА ҚАРАУҒА ҚАБЫЛДАНАДЫ!!!

 

БАЙҚАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ:
Шақырушы ЖОО барлық кандидаттарды бағалайды және әрбір мамандық бойынша біреуін таңдайды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.