Бүгін ҚазҰӨУ мектеп және колледжі педагогтерінің қатысуымен үлкен жоба - «Өнер мен музыка - Жүрек тілі, Халық үні» ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференция алғаш рет ұйымдастырылып, «Музыка мен өнер - тәрбиенің қайнар көзі» атты пленарлық мәжілістен басталды. Отырсты колледж және мектеп директоры Айсұлу Тани баяндама жасап ашты.
Конференцияның жалғасы бірнеше тақырыпқа бөлінген секциялармен ұйымдастырылды. Олардың ішінде «Ұлттық музыка өнері мен білімінің өзекті мәселелері», «Музыкалық өнердің жалпы білім беретін пәндермен өзара байланысы», «Музыкалық білім берудегі және шығармашылықтағы заманауи ақпараттық технологиялар» және «Қазіргі музыкалық практикадағы музыка теориясы» тақырыбы қозғалды.
Ic-шараның мақсаты аттестациядан өтетін жас педагогтерге қолдау көрсету, оқу үрдісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру болды. Оған колледж және мектеп бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру қызметі, оқу-әдістемелік бөлімі, негізгі орта білім бөлімі, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі, пәндік-циклдық комиссиялар бірлесіп атсалысты.
Конференция барысында жас буын мамандарға пайдалы ақпарат беруге бағытталған 30-ға жуық баяндамалар таныстырылды. Бұл баяндамалар білім беру процесіне, жалпы және кәсіби білім беру сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.