2025 жылдың 6 ақпан күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде 14-ші «Боранбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының барлық қатысушыларын құрметпен қарсы алды. Биылғы конференция бағыты заманауи, тарихи, жаңартылған көзқарастар мен көркем білім берудің көпвекторлы жүйесін дамыту мəселелеріне арналды.
Пленарлық отырыстың спикері ретінде «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ХПБҒА академигі Хусаинова Г.А., өнертану кандидаты, «Музыкатану» кафедрасының профессоры Акпарова Г.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, «Кескіндеме» кафедрасының профессоры Ижанов Б.И., «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, Музыкалық білім магистрі Щерботаева Н.Д., «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, PhD Кожебаев Д.Е. көлемді, әрі терең баяндама жасады.
Оның қатысушылары: магистранттар, аспиранттар, докторанттар, Қазақ ұлттық өнер университетінің мəдениет, өнер жəне білім беру салаларындағы түрлі білім беру бағдарламаларының оқытушылары, Қазақстан жəне ТМД елдерінің (Украина, Өзбекстан, Ресей, оның ішінде Татарстан) ғалымдары қатысты. «Боранбаев оқуларының» əрбір өткізілген ғылыми-практикалық конференциясы əр қатысушыны ғылыми ізденімпаздық шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуын көздейді, конференцияның ұйымдастыру алқасы Сіздермен ынтымақтастығымыздың одан əрі нығая түсетініне сенімде!
Конференция соңында Хусаинова Гүлзада Ануарқызы арнайы Музыка мұғалімдері үшін «Музыка мұғалімінің антын» барлық Студенттермен бірге қосылып, ұстаздық қызметке адал ету үшін ант берді.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.