Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық пен екі ел арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды арттыру аясында бүгін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде каллиграфия өнерінің хас шебері Мохсен Ибрахимидің туындыларының көрмесі мен шеберлік сабағы өтті.
Шара барысында «Көркем өнер» факультеті, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасы студенттері мен оқытушылары мен қатар өзге де қатысушылар шебермен сұхбаттасып, оның аса құнды туындыларымен танысып, каллиграфия өнерінің негіздері мен қажетті құрал-жабдықтарын тамашалады, сонымен қатар, каллиграфиямен жазып көрсетуді қамтитын шеберлік сабағына қатысып, парсы каллиграфия өнерімен танысты.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.