УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>
poster.pdf

 

Моалла каллиграфиясының көрмесі
«Махаббат машығы»

Астана, Қазақстан – 06.02.2025 жыл 14:00-17.00, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі мен Қазақ ұлттық өнер университеті бірлесіп, мәдениетаралық байланысты нығайту мақсатында Иранның көрнекті шебері, ұстаз Мохсен Ебрахимидің шығармашылығына арналған ерекше шара ұйымдастырады. 30 жылдық кәсіби және ұстаздық тәжірибе иесі болып табылатын бұл шебер Иранда, АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде ондаған көрмелер мен шеберлік сабақтар өткізген.
Шараның басты мақсаты – Иранның бай мәдени мұрасын Қазақстан халқына кеңінен таныстыру және өнер саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Көрме аясында келушілер каллиграфия бойынша шеберлік сабағын тамашалай алады.  
Шараның уақыты мен өткізілетін орны
Шара 2025 жылдың 6 ақпан күні сағат 14.00-17.00 аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің Абай даңғылы, 47 мекен-жайында өтеді.
Байланыс:
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы  елшілігінің мәдени өкілдігі
Телефон: +77085990293 /
Инстаграм: @iran_culture_astana /
Эл.пошта: raizani.astana@mail.ru

 

 


Выставка каллиграфии Моалла
«Махаббат машығы»


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.