УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Е.Рахмадиев атындағы Үлкен залда “JazzTime Astana-2025” I республикалық джаз музыкасы байқау-фестивалі өтті. Іс-шара вокалдық және аспаптық джаз музыкасы саласындағы жас таланттарды қолдау және анықтау, сондай-ақ Қазақстанда джаз мәдениетін дамыту мен насихаттауға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсты К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті “Эстрада өнері” ПЦК-мен бірлесіп ұйымдастырды, ал жобаға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры демеушілік жасады.

“JazzTime Astana-2025” байқауына жетістіктері республикалық және халықаралық конкурстар лауреаттарының деңгейіне сәйкес келген жас музыканттар қатысты. Байқау үш жас санаты үшін ұйымдастырылды: 10-12 жас, 13-15 жас және 16-19 жас. Қатысушылар “Эстрадалық музыкалық аспаптар” және “Эстрадалық вокал”атты екі номинацияда орындады.

Жас орындаушылардың әрқайсысы джаз жанрындағы екі шығарманы, соның ішінде классикалық шығармаларды да, қазіргі джаз композиторларының шығармаларын да, жеке шығармалары мен авторлық аранжировкаларын ұсынды. Байқаудың қазылар алқасы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессорлары мен оқытушыларынан, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінен құралды.

Джаз музыкасы мерекесі гала-концертпен және марапаттау рәсімімен аяқталды, оның барысында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.