К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде, «Өнертану» кафедрасында I-IV курс студенттері арасында театртанушылық жұмыстар байқауы өтті. Іс-шара биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Студенттер елордалық өнер ордаларының бүгінгі даму тенденцияларын жан-жақты зерделеп, түрлі тақырыптарды қозғайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрсетті. Соңғы театр маусымындағы жаңа қойылымдарға талдау жасалды.
Студенттердің сараптамалық жұмыстарына баға берген сарапшылар құрамына кірді: ҚР мәдениет қайраткері, К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің доценті Әбдіқадыр Қашқабаев; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық, орыс драма театрының директоры Жаудыр Айболат Жанғалиұлы; Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Юсупова Ардақ Кенесовна; Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Асылбекова Айман Мұхтарханқызы; Өнертану кафедрасының доценті, PhD доктор Ескендиров Нартай Рамазанұлы.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын – Манабаева Амина (2 курс студенті),
2 орын – Қарибаева Перизат (3 курс студенті),
3 орын – Қайрат Нұрсая (2 курс студенті) иегерлері атанды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.