УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 9 сәуір күні К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Абай залында Әбілахат Ысмағұлұлы Еспаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт кеші өтті.

Әбілахат Еспаевтың әндері халық жадында сақталып, ұрпақтан–ұрпаққа жалғасып келеді, ал шығармалары халқымыздың қуанышы мен мұңын, арман–тілегін әуезді әуенге айналдырып, әр жүрекке жол тапты.  

Мерейтойлық концертті Қазақ ұлттық өнер университетінің “Музыкатану” кафедрасы және композитор, доцент Әліби Абдинуровтың бастамасымен “Музыкатану” мамандығының 1 курс магистранттары – Азилькияшева Б. мен Амурова Т. ұйымдастырды.

Кеш бағдарламасында “Дәстүрлі ән” кафедрасының Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары, талантты студенттері өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбынан – Майданов Камал; ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Толғанбай Сембаевтың сыныбынан – Серікхан Айбат пен Бағдатқызы Таңшолпан; сондай–ақ ҚР еңбек сіңірген әртісі Ербол Сарин Айымғазыұлының шәкірттері – Смағұлова Замзагүл мен Тұяқ Шерхан.

Сахнада фольклорлық ансамбль де өнер көрсетті. Ансамбль жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нүкеев Марат Болатұлы. Ансамбль мүшелері: Шамель Аңсаған, Палат Жасмин, Батырхан Темірлан, Ахметқызы Гаухар. 

Сонымен қатар “Вокалдық өнер” кафедрасының Халықаралық және Респбуликалық конкурстардың лауреат–солистері – Сақитжан Саят, Құрмаш Ерназар және Байменова Назгүл – өздерінің әсерлі орындауларымен көрерменді тәнті етті.

Кештің концертмейстерлік қызметін жоғары кәсіби деңгейде Бычинский Теодор Эдуардович пен Сейітова Ләйлә Калайдаровна атқарды.

Ұлы композитордың асыл мұрасы әлі де зерттеліп, халыққа кеңінен насихатталынады деп сенеміз! Оның шығармашылығы қазақ өнерінің алтын қорына айналып, болашақ ұрпаққа рухани бағдар болары сөзсіз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.