«Қара қыз» фильмі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы көрсетілімі
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
29 сәуір күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) кинозалында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қара қыз» фильмінің алғашқы арнайы көрсетілімі өтеді.
Фильмнің режиссері, Қазақстанның халық артисі Талғат Досымғалиұлы Теменов көрсетілімге өзі қатысып, туындыны көрермендер назарына ұсынады.
Бұл тарихи драмада соғыс жылдарындағы қазақ әйелдерінің ерлігі мен махаббаты бейнеленеді.
Көрсетілімге университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысады.
Баршаңызды және студенттеріңізді осы маңызды мәдени шараға шақырамыз!
Өтетін орны: ҚазҰӨУ кинозалы, Абай көшесі 47, Астана қаласы
Уақыты: 29 сәуір, сағат 15:00
Кіру тегін
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.