2025 жылдың 28 сәуір күні Бейбітшілік пен келісім сарайындағы «Құланшы» өнер орталығында Көркемөнер факультеті студенттері мен магистранттарының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «Шабыт 2025» көрмесі өтті.
«Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы Д.А. Аймағамбетов студенттері даңқты батырлар Бауыржан Момышұлы, Төлеуғали Әбдібеков, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова портреттерін көрмеге ұсынды.
Көрмеде жас оқытушы Д.Ж. Құдабаеваның «Грим суретшісі» бағыты студенттерінің және аға оқытушы С.И. Тұрсынбекқызының «Сән дизайны» мамандығының 2-3 курс студенттерінің өздері әзірлеп, тіккен киім топтамасы көрсетілді.
Көрменің ашылуында белгілі жазушы, атақты мерген, Халық қаһарманы Төлеуғали Әбдібековтың туысы Айгүл Кемелбаева сөз сөйледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында «Сән дизайны» мамандығының студенті Маликаның әкесі факультет ұстаздарына жылы лебізін білдірді.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.