УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

ӘНШІ, ДИРИЖЕР ФУАТ МАНСУРОВТЫҢ ЕСКЕРТУІНЕ АРНАЛҒАН КЕШІ


2025 жылдың 12 маусым күні Роза Багланова атындағы Орталық концерт залында Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі, Үлкен театрдың дирижері Фуат Мансуровтың (1928-2010) құрметіне арналған естелік кеш өтті.

Кешке арнайы оның қызы Марина Фуатовна Мансурова шақырылды. Залдың фойесінде маэстрдің шығармашылығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Белгілі шараға Қазақстан мен Татарстанның халық әртістері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ жетекші филармониялардың солистері қатысты.

Бірінші бөлімде Пётр Чайковскийдің Скрипичный концертi орындалды: колледж студенті Амина Ахметжанова (Қазақ ұлттық өнер университеті К.Байсейітова атындағы колледжі) бірінші бөлігін, Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Айман Мусахаджаева екінші және үшінші бөліктерін орындады. Оған Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Дирижер – Қазақстанның халық әртісі Абзал Мухитдин.

Екінші бөлімде Фуат Мансуров өңдеген «Сары Арқа» күйі, маэстрдің аранжировкасындағы Арам Хачатурянның «Танец с саблями» және Таттимбет күйлерінің бірі «Сарыжайлау» Академиялық Таттимбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі орындауында шырқалды. Оркестрді бас дирижер Ерлан Бахтыгерей басқарды.

Мерекелік атмосфераны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – әншілер Азамат Желтыргузов, Талгат Индрисов, халықаралық байқаулар лауреаты Асель Сембина, Айбар Хаырханов әсем әндерімен безендірді. Зал көрермендері баяншы Руслан Тураевтың шебер ойынымен, пианист-композитор Саида Қалықованың солосымен тәнті болды.

Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Айман Мусахаджаева былай еске алады:

«Қазақстан мәдениет қайраткерлері үшін Фуат Шакирович Мансуров – аңыз тұлға. Ол менің үлкен сахнаға шығу жолымды ашты. 17 жасымда Белградта өткен Халықаралық скрипкашылар байқауында жеңгеннен кейін, ол маған Пётр Чайковскийдің Скрипичный концертіін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерватория студенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Мәскеудегі Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияның үлкен залында орындауды ұсынды. Бұл идеяны ҚР халық әртісі, профессор Газиза Ахметовна Жұбанова қолдап, біз Мәскеуге бардық.

Бүгін мен алғаш рет Роза Багланова атындағы Орталық концерт залында шәкіртім, 25 халықаралық байқаулар лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университеті К.Байсейітова атындағы колледж студенті Амина Ахмеджановамен бірге өнер көрсетудемін. Ол бірінші бөлігін, мен екінші және үшінші бөліктерін орындаймын. Бұл орындауды біз маэстроның рухына арнаймыз, ол жас музыканттарға үлкен қолдау көрсетті».

Дана Жумабекова –

өнертану докторы,

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры,

Мәдениет саласының үздігі.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.