УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени және қоғамдық дипломатияны дамытуға бағытталған италиялық Geneas Қауымдастығы өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобалар мен шығармашылық алмасу алаңына айналу мүмкіндігі жоғары Италиядағы мәдени іс-шараларды талқылады.

Келіссөздерден кейін қонақтар ҚазҰӨУ-нің жаңа ғимаратымен танысты. Озық технологиялармен жабдықталған заманауи концерттік және оқу залдары бар университетіміздің халықаралық мәдени орталық ретіндегі әлеуеті жоғары екені көрсетілді.

Италия делегациясының сапары 2025 жылғы 30 мамырда Астанада өткен «Италия + Орталық Азия» конференциясы аясында қол қойылған халықаралық келісімдер аясында өтіп жатыр. Екі ел басшыларының қатысуымен өткен конференцияда стратегиялық әріптестікті нығайтуға және мәдени-білім саласындағы диалог үшін жаңа мүмкіндіктер ашу кеңінен талқыланған болатын.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.