К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымыСіздерді «Ұлы дала музыкасы» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады!
Конференция төл музыка мәдениетін сақтауға және заманауи кезеңде дәріптеуге бағытталған. Іс-шара барысында музыкатанушылар, өнертанушылар, тарихшылар, этнографтар және басқа да мамандардың ғылыми баяндамалары тыңдалады.
Сонымен қатар, отандық және шетелдік дәстүрлі орындаушылардың шеберлік сыныптары өтеді. Белгілі музыкатанушылар Пернебек Шегебаев пен Базаралы Мүптекеевті еске алуға арналған дөңгелек үстелдерге қатысуға болады.
Жаңа бастама ретінде Материалдық емес мәдени мұраның ғылыми зертханасының ашылу салтанаты өтеді.
Дәстүрлі музыканың терең тарихына үңіліп, оның болашағын бірге талқылауға шақырамыз!
Күні: 2025 жылы 17–19 қазан
Өтетін орны: К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті,
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.