К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ректор Ғалым Ахмедьяров пен Қытайдың Xinjiang Institute of Arts (Шыңжаң өнер университеті) делегациясының кездесуі өтті.
Қытай делегациясының сапарының негізгі мақсаты – музыка және театр өнері салаларында тәжірибе алмасу мен оқыту әдістерін зерделеу болды. Делегация құрамында «Музыкалық орындаушылық», «Дәстүрлі музыкалық өнер» және «Оркестрлік орындаушылық», «Музыкатану және фортепиано» факультеттерінің өкілдері болды.
Қонақтар университеттің инфрақұрылымымен танысып, оқу орнының қызметі туралы деректі фильмді тамашалады. Сондай-ақ, «Театр өнері және өнертану» факультетіне экскурсия ұйымдастырылды.
Бағдарлама А.П. Чеховтың «Ваня ағай» пьесасынан 30 минуттық үзінді көрсетумен аяқталды. Бұл сапар екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болып, бірлескен білім беру және мәдени жобаларға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.