УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 17-22 қыркүйегі аралығында Берлин қаласындағы Этнология музейінде ICTMD ұйымының «Музыка тарихына терең көзқарас: өмірбаян арқылы ғұмырлар мен орындаушылық өнерді зерделеу» атты жаһандық музыка мен би тарихы жөніндегі зерттеу тобының IV Халықаралық симпозиумы өтті.

Басқосу барысында тұтас бір панельді Орталық Азиядан келген ғалымдар жүргізіп, өз зерттеулерін ұсынды:

А. Байқуатова және Р. Нұртаза – «Korkyt-Ata: Reconstructing the Biography of a Legendary Turkic Figure»

Р. Нұркенов – «Bazaraly Muptekeev's Scholarship»

А. Жұмкенова – «Bolat Sarybayev in Kazakh Music Culture: Life and Legacy»

С. Мурзалиева – «Fatima Balgayeva at 100: Celebrating the Legacy of Kobyz Virtuoso and Educator in Kazakhstan»

Сонымен қатар, университет оқытушылары онлайн форматта да қатысып, өз баяндамаларын ұсынды: Г. Альпеисова, Г. Кузбакова, А. Досанова және М.  Останькович. Аталған баяндамалар шетелдік әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, халықаралық музыкатанушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл – қазақстандық ғылыми еңбектердің әлемдік деңгейдегі өзектілігін айқындайды.

Симпозиум аясындағы ерекше сәттердің бірі – ғылыми баяндамалармен қатар өнер көрсеткен қазақстандық орындаушылардың дәстүрлі қазақ музыкасына арналған концерті болды.

Дала әуендері Берлин сахнасында шырқалып, Қазақстанның мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын халықаралық қауымдастыққа паш етті.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.