УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің күні мерекесі аясында
6-10 қазан аралығында «Егер мен Абаймен сырлассам...» атты фестиваль төмендегі көрсетілгендей өткізіледі:

  1. 10.2025 ж. «Көркемөнер» факультетінің ұйымдастыруымен «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты сайыс өткізіледі.
    Туындыларды университеттің 1-қабатындағы фойеде көре аласыздар.
  1. 10.2025 ж. ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының жеке заттарына саяхат.
    Мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.
    Басталу уақыты: 11:00.
  1. 10.2025 ж. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару қызметкерлері және студенттері арасында төмендегі тақырыптар бойынша үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) эссе жазу сайысы өткізіледі:
    1. «Абай – қазақ халқының рухани жаңғыруының көшбасшысы»
    2. «Абайдың қара сөздері – менің өмір мектебім»
    3. «Абай арманы – жастардың келешегі»
    4. «Абайдың табиғат лирикасындағы ұлттық болмыс»
    5. «Абай даналығы – әлемдік өркениетпен үндестік»
    6. «Абайдың толық адам ілімі – қазіргі қоғамға бағдар»
    7. «Абайдың сөзі – халықтың жүрегіндегі шырақ»
    8. «Абай айтқан әділет жолы – менің өмірімде»
    9. «Абайдың жырлары – менің жүрек әуенім»

Өтетін орны:

  • Қазақ тілінде - 349-аудитория
  • Ағылшын тілінде - 359-аудитория
  • Орыс тілінде - 348-аудитория
  1. 10.2025 ж.Абай әндерінен сайыс.
    Өтетін орны қосымша жарияланады.
  1. 10.2025 ж.Фестивальдің жабылуы (оффлайн).
    Өтетін орны: Тәуелсіздік даңғылы, 50, К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің Шопен залы.
    Уақыты: 11:00.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.