УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Киберқауіпсіздік. Экстремизм. Жол ережесі – бәрі жастардың қауіпсіздігі үшін!


2025 жылдың 3 қараша күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ ұйымдастыруымен ақпараттық–түсіндіру кездесуі өтті.


Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында киберқылмыс, діни экстремизм және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерінің алдын алу, саналы көзқарас пен жауапкершілік қалыптастыру болды.


Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар талқыланды:

Киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу – студенттерге жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, интернеттегі күмәнді әрекеттерден сақтану жолдары түсіндірілді.

Жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіз мінез-құлық дағдылары – жолда абай болу, жаяу жүргінші мен жүргізуші жауапкершілігі мәселелері қозғалды.

Діни төзімділік пен мәдени әртүрлілікті құрметтеу – қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту маңыздылығы айтылды.


Мұндай профилактикалық шаралар жастардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық сауаттылығын және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.


Кездесу соңында қатысушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

Бүгінгі жастардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруі – қоғамның тұрақты дамуының кепілі.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.