ҚазҰӨУ профессорларына марапаттар табыс етілді!
К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары – Зайнолла Самашев пен Алмас Алматов еліміздің ғылымы мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлестері үшін жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» атты сериялық басылымы бойынша жасаған ғылыми еңбегі үшін А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл жетістік – қазақстандық археология ғылымының биік беделі мен ғылыми дамуының жарқын дәлелі.
Жырау, фольклортанушы-ғалым Алмас Алматов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Алмас Нұрмаханұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жыраулық өнердің насихатшысы, ұлттық руханияттың өрісін кеңейтіп жүрген тұлға.
Университет ұжымы қос тұлғаны жүрекжарды құттықтап, шығармашылық және ғылыми табыстар тілейді!
Олардың еңбегі – қазақстандық мәдениет пен ғылымның дамуына қосылған өлшеусіз үлес!