УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 24 қазан күні, Республика күні қарсаңында К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.

Қазақ ұлттық өнер университетінің қызметкерлері де мемлекеттік марапатқа ие болды.


ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Нұрлан Измаилов пен Лейло Ақназарқызы марапатталды.

Университетіміздің профессоры Меруерт Өтекешоваға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.

«Құрмет» орденімен К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры Раушан Нұртаза, ал профессорлар Алтай Құсайынов пен Клара Төленбаева «Парасат» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, Толғанбай Сембаев пен Қайрат Айтбаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.


Іс-шара мерекелік концертке ұласты. Концертке студенттік симфониялық оркестр, К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ мектеп оқушылары, дәстүрлі әншілер ансамблі, «Эстрада өнері» кафедрасының студенттері, аралас хор, «Фортепиано» мамандығының студенттері мен скрипкашылар ансамблі қатысты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.