УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Музыкалық әлем: композитор және дәуір»



2025 жылдың 14 қараша күні К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Балнұр Қыдырбектің 70 жылдығына арналған I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Балнұр Қыдырбек – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Композиторлар одағының мүшесі.


Конференция барысында Б. Қыдырбектің өмірі мен шығармашылығы, қазіргі заманғы композиторлық өнер және оның ғылыми тұрғыдан талдануы мәселелері қарастырылады. Іс-шараға отандық және шетелдік музыкатанушылар, фольклортанушылар, композиторлар, өнертанушылар, шығыстанушылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, докторанттар (PhD) мен магистранттар қатысады.


Мақсаты: тарихи уақыттың мәдени трансформациясы мен авторлық стиль призмасы арқылы композиторлық тәсілдердің алуан түрлілігін пайымдау.

ХХ–ХХІ ғасырлардағы композиторлық мектептер мен бағыттардың шығармашылық стратегияларын талдау;

Дәуір және композиторлық стильдің өзара байланысын анықтау;

Қазақстандық және әлемдік музыкалық зерттеулердің жаңа бағыттарын таныстыру;

Халықаралық және пәнаралық ғылыми диалог алаңын қалыптастыру.


Тақырыптық бағыттар:

1. Музыкатанушылар еңбектеріндегі композиторлық өнер;

2. Инновациялар мен жасанды интеллекттің рөлі;

3. Жанрлар және олардың түрленуі;

4. Ірі формалар мәселесі;

5. Пәнаралық зерттеулер;

6. Халықтық кәсіби шығармашылық пен фольклор;

7. Б.Қыдырбектің шығармашылығы қазақ өнері контексінде;

8. «Реквием»: өткен мен бүгінгі.

Өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік проспектісі, 50, Конференц-зал, 7-қабат, 705 аудитория

Конференцияның басталуы: 10:00




ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.