2025 жылдың 2-9 қараша күндері Ресейдің Курск қаласында өткен халықаралық вокалдық байқауда ҚазҰӨУ өкілдері табысты өнер көрсетті.
2025 жылдың 2-9 қараша аралығында Ресейдің Курск қаласында өткен Георгий Свиридов атындағы VIII Халықаралық камералық ән айту байқауында «Вокалдық өнер» кафедрасының 2-курс магистранты Белал Қуаныш дипломант атанды.
Ал «Вокалдық өнер және дирижерлеу» кафедрасының оқытушысы Фируза Рахметова байқауда III орын иегері атанып, сонымен қатар «ХХ ғасырдың шетел композиторының камералық-вокалдық шығармасын үздік орындаушысы» атты арнайы жүлдеге ие болды.
Аталған байқау 2001 жылдан бері Ресейдің Курск қаласында өткізіліп келеді. Дәстүр бойынша, байқауға Ресей мен шетелдің жетекші вокалдық мектептерінің өкілдерімен қатар мәдениет және өнер саласындағы орта және жоғары оқу орындарының студенттері де қатысады.
Шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.