УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Түркияның Алания қаласында медиа саласы мамандарының V Халықаралық кеңесінде Ысмайыл Гаспралы атындағы сыйлықпен К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, «Домбыра» кафедрасының профессоры, белгілі күйші Жанғали Жүзбай марапатталды. 


Бұл сыйлық түркі әлемінің бірлігі мен мәдени байланысын нығайту мақсатында беріледі. Бұған дейін осы сыйлық «Түркі дүниясына сіңірген еңбегі үшін» деп аталды. Саясаткерлер, ғалымдар, өнерпаздар мен БАҚ өкілдеріне беріліп келе жатқан марапат осы жылдан бастап ғалымдар мен өнерпаздар үшін «Ысмайыл Гаспралы сыйлығы» деп беріле бастады. 


Беделді сыйлықпен марапатталғандардың арасында дүние жүзіне танымал тұлғалар да болды.  

Халқымыздың күй өнеріне ерен еңбек сіңіріп жүрген Жанғали Әлімханұлын алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.