УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Университет күндері аясында «Музыкалық орындаушылық» факультеті, «Вокалдық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен колледж және университет студенттері арасында «Гәкку» атты академиялық вокалдық байқау өтті.

Аталған байқау КСРО халық әртісі, опера әншісі Күләш Байсейітованың есімін университетке беруіне орай ұйымдастырылды. Қатысушылар жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, байқау талаптарына сәйкес XVI–XVIII ғасырлардағы композиторлардың көне арияларын, XVIII–XIX ғасырлардағы орыс және батыс еуропалық композиторлардың операларынан арияларды, сондай-ақ Күләш Байсейітованың репертуарындағы ән немесе романстарды орындады.

Қазылар алқасының төрайымы – Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор Хорлан Ихсанқызы Калиламбекова байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Университет студенттері арасында:

І орын:

Дусаева Әсел (1 курс, доцент Ж.Б. Ғабдуллина сыныбы) 

Саинова Нұрай (1 курс, оқытушы Б.М. Мұсабаева сыныбы) 

ІІ орын:

Нұрымбетова Ақнұр (1 курс, аға оқытушы Д.Ш. Қабыкеева сыныбы) 

Бағытжан Дастан (1 курс, профессор К.М. Асамбаев сыныбы) 

Абдрахманов Нұрсұлтан (1 курс, оқытушы Р.Д. Тишбаев сыныбы) 

ІІІ орын:

Маратова Фатима (1 курс, профессор Х.И. Калиламбекова сыныбы) 

Дюсенбинова Алина (2 курс, аға оқытушы Т.Н. Руднева сыныбы) 

Айдарканова Аниса (1 курс, аға оқытушы Т.Н. Руднева сыныбы) 

Колледж студенттері арасында:

І орын:

Амантай Әмірхан (2 курс, оқытушы Б.М. Мұсабаева сыныбы) 

Кураисова Эльзара (2 курс, оқытушы Т.Н. Руднева сыныбы) 

ІІ орын:

Жолдасбек Нұрсезім (2 курс, оқытушы А.М. Абдрахманова сыныбы) 

Шапағат Еркеназ (2 курс, оқытушы Ф.К. Рахметова сыныбы) 

Алиев Алихан (3 курс, оқытушы Р.С. Нүркей сыныбы) 

Сәулетбекұлы Бейбарыс (2 курс, оқытушы Е. Сәдуақасов сыныбы) 

ІІІ орын:

Маратова Марал (3 курс, оқытушы Ф.К. Рахметова сыныбы) 

Базарбаева Назерке (3 курс, оқытушы А.М. Абдрахманова сыныбы) 

Темірхан Мирас (2 курс, оқытушы Б.М. Мұсабаева сыныбы) 

Төлехан Дәулет (2 курс, оқытушы Б.М. Мұсабаева сыныбы) 

Камелев Джаныбек (3 курс, оқытушы Р.С. Нүркей сыныбы) 

Карим Алиансар (3 курс, оқытушы Е. Сәдуақасов сыныбы) 

«Гәкку» байқауы университеттің мәдени өміріндегі маңызды шаралардың бірі болып, вокалдық өнердің дамуына, жас таланттарды қолдауға және ұлттық музыкалық мұраны насихаттауға зор үлес қосты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.