УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    Фортепианолық музыканың концертi
    ҰЛАН   ҚҰЛМАМЕТОВ

    Ұлан  Құлмаметов – Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты; жеке концерттер берумен қатар Қазақстанның музыкалық оқу орындарында шеберлік сыныптарын  өткізеді. Музыкант симфониялық оркестрлердің сүйемелдеуімен солист ретінде де өнер көрсетеді.

    Білімі:
    Ұлан  Құлмаметов  2005 жылы  ҚазҰМА мектеп-колледжін  ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР білім саласының үздігі, профессор Алтай Қарпықұлы Құсайыновтың сыныбында тәмамдап, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік  консерваториясына  оқуға түсті,  одан  кейін  аспирантурада  РФ еңбек сіңірген әртісі, профессор Зинаида  Алексеевна  Игнатьеваның  сыныбында  оқуын   жалғастырды.

    Қазіргі  уақытта  Ұлан  Құлмаметов  педагогикалық  қызметті концерттік  қойылымдармен  және  ғылыми жұмыстармен ұштастыра отырып, ҚазҰӨУ-де  оқытушы  болып  қызмет  істейді.

    Концерттің  өтетін  уақыты  мен  орны: 
    11.12.2023ж., 18:00.  ҚазҰӨУ  Орган  залы,  Жеңіс даңғылы, 33.  Кіру  тегін


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.