УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Күләш Байсейітова атындағы
Қазақ ұлттық өнер университетіне
қош келдіңіздер

Қымбатты достар!

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері атынан сіздерді біздің ресми сайтымызда қарсы алуға қуаныштымыз.

Біздің университет – Қазақстандағы музыка, театр, кинематография, бейнелеу өнері, дизайн, өнер теориясы, арт-менеджмент және басқа да бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі.

Бес деңгейлі білім беру жүйесі: мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура, сондай-ақ Еуропа, Азия және АҚШ елдеріндегі әлемдік деңгейдегі университеттермен серіктестік арқылы академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар мен шеберлік сыныптар ұйымдастыру мүмкіндігі – ҚазҰӨУ түлектерінің кәсіби біліктілігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз студенттерге оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, заманауи білім беруге ұмтыламыз. Сонымен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, кәсіби өсуі мен мансаптық жолын қалыптастыруға жеке даму бағытын ұсынуға ерекше көңіл бөлеміз.

Студенттеріміздің қоғамдық белсенділігіне, жарқын студенттік өміріне, музыкалық шығармашылығына, концерттік және гастрольдік іс-шараларына, сондай-ақ түлектеріміздің жетістіктеріне біз зор мақтанышпен қараймыз.

Барлық сайт қонақтарын Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оның тарихы мен жетістіктері, сондай-ақ біз ұсынатын оқу мүмкіндіктері туралы көбірек білуге шақырамыз.



Дайындықтың барлық деңгейлері

Біздің оқу орындарында білім берудің барлық деңгейлерді қамтылған: мектеп, колледж, дайындық курстары, бакалавриат, магистратура және докторантура.

Тәжірибе және кәсібилік

300-ден астам жоғары білікті мамандардан құралған профессорлық – оқытушылық құрам.

Халықаралық танымалдық

Шығармашылық ұжымдардың шетелде жиі және табысты өнер көрсетуінің арқасында университетіміз әлемнің көптеген елдерінде танымал.

Таңдау мүмкіндігі

Музыка мен өнердің 13 бағыты бойынша 65 білім беру бағдарламасы ұсынылады.

Белсенді өмір

Біздің университет көптеген шығармашылық байқаулар мен фестивальдардын ұйымдастырушысы және оларға қатысушы болып табылады.

Заманауи база

Білім берудегі озық технологиялар, соның ішінде жоғары санаттағы эксклюзивті музыкалық аспаптар мен техникалық жабдықтар қолданылады.

Ағымдағы ақпарат



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.