УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

ҚазҰӨУ колледжі  еріктілерінің  игілікті  істері

15 ақпанда  Халықаралық  қатерлі  ісікке шалдыққан балалар күні әлемнің көптеген елінде атап өтіледі. Бұл науқас балалардың ата-аналары ұйымдарының  халықаралық конфедерациясы бастамасы бойынша өткізілетін  іс-шара. Мақсаты - ісікке шалдыққан балаларға қоғамның назарын  аудару, аурудың  алдын алу (профилактика) шараларына көңіл бөлу. Өкінішке орай, статистика бойынша Қазақстанда күнсайын 400 ісікке шалдыққан бала анықталады. Бүгінгі күні  Астана қаласында  қатерлі ісікке шалдыққан 187 бала анықталы. Бұл дерт негізінен 3-15 жас аралығындағы балаларда кездеседі: орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері мен лимфобластикалық лейкемия ісік ауруларының  70% құрайды.

15 ақпан  -  Халықаралық  қатерлі  ісікке  шалдыққан  балалар  күніне  орай  «Ана  мен бала»  Ұлттық  ғылыми  орталығында Қазақ ұлттық өнер  университеті  колледжі  студенттерінің қайырымдылық концерті өтті. Студенттер сырқат балаларға керемет көңіл-күй сыйлады: әндер шырқалды, әртүрлі аспаптарда музыкалық әуендер орындалды, би биленді, суреттер салынды. Ойын-сауық  бөлімі аяқталса да, студенттер мен кішкентай балақайлар әңгіме-сұхбат құрып, достасып та кетті.

Дертке шалдыққан балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсаты - оларды жігерлендіру, ауруға қарсы тұруға бағыттау, үміттерін жандандыру, көңілдерін  бөлу,  өмірге  деген  құлшынысын  арттыру  болып  табылады.

Осындай  биік  мақсатты,  игілікті  іс- шаралардың  ұйытқысы  болып отырған  ҚазҰӨУ-нің, тәрбиесі жұмысы және жастар ісі жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Аида Айдарханқызы Аймақова, колледж тәрбие жұмысының жетекшісі Наурызбек Жалғасбекұлы Адил және колледждің  қайырылымдықпен айналысатын алдыңғы қатарлы  студенттері:  Жетен Балжан, Әділжан Алихан, Жанхан Ернур, Төлепберген Ернұр, Рат Мерей, Мамырбаев Абылайхан, Таупих Ералы, Омарбеков Амалбек, Атабай Саят, Мұсаев Ернур, Нурбаиров Ескендір, Қуаныш Балғынай, Жақсылық Мәдина, Кабдуллаева  Іңкәр, Есенов Мирас, Болат Ислам, Оңғар Альмира, Сапарбай Нұрлыбек, Серикханов Ақжол.

Құрметті  еріктілер - колледждің  волонтер студенттері!
Қайырымдылық  іс-шараларға  белсенділікпен  қатысқандарыңыз  үшін алғысымызды  білдіреміз.  Жасаған  игілікті  істеріңіз  алдарыңызға жақсылығымен  оралсын! Мақсаттарыңыз әрқашан да орындала берсін!
Жоғарыда  есімдері  аталған  волонтер  қыз-жігіттеріміздің  қатарына қосыламын  деген  студенттерді  Жастар  тәрбие  жүмысы  комитетіне шақырамыз. Бізбен бірлесіп әрекет жасайық, игі істердің санын көбейтейік, халқымызға, қоғамға  қызмет жасайық !


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.