Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Наурызды жаңаша тойлауды ұсынған еді. Расында да, оның қасиеттілігі - табиғаттың жаңа тіршілік циклінің басталуын бейнелейтіні болса, Наурыз мейрамының басты мәні - қоршаған ортада, демек біздің өмірімізде жаңару мен жаңалықтың орын алуында.
Осыған орай Қазақ ұлттық өнер университеті «Наурыз -2024 – қоғамның жаңаруы мен бірлесу нышаны» іс-шарасының бастамасы- АМАЛ мерекесін атап өтті. Университеттің дәліздері қазақ ою-өрнектерімен әшекейленіп, педагогтер мен студенттер ұлттық киім киіп, оқу орнының ақсақалдары жастарға оң батасын беріп, Наурыз мерекесінің бірінші күнін сән-салтанатымен қарсы алды.
Ректордың м.а., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов бүкіл ұжымды осы айтулы күнмен- ежелден келе жатқан Амал күні немесе Көрісу күні мерекесімен құттықтап, өз тарапынан ұстаздар мен студенттер қауымына зор денсаулық, қажымас қайрат, биік жетістік, мол табыс, сарқылмас шабыт тіледі, сондай-ақ, ортақ шаңырағымыз – бірлігі жарасқан Қазақстан елін өркендетуде сәттілік пен ауызбіршілік, татуластық пен жарасымдық тіледі!
https://www.instagram.com/reel/C4frsjRN2yI
https://www.instagram.com/reel/C4fvhQytCJW
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.