УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    «Қаныш Сәтбаев: ғалым, тұлға, патриот»

    Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған  күні - 12 сәуір - Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді

    2024 жылы сәуір  айының 11 жұлдызында Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкатану және фортепиано» факультеті, «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Қаныш Сатпаев-  ғалым, тұлға, патриот-125 жыл» атты оффлайн/онлайн  дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында арт-менеджмент, өнертану мамандықтары студенттері мен кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамы, соның ішінде  Қ.Х. Баймуханова, А.О.Каудырова және академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің әдіскері Балабаева Гауһар Серікқазықызы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Иманжүсіп Раушан  Нұрханқызы  өз ойларымен бөлісті,  ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы, PhD докторы, Дж. Неру Университетінің «Әлеуметтік ғылымдар мектебі» философия орталығының түлегі Омарова Альмира Есболқызы қатысып, академик Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми, шығармашылық, жеке өмірдерегі бойынша студенттерге тұшымды ой толғап, танымдық мағұлыматтар берді.

    ӘГП кафедрасының аға оқытушылары Қ.М.Алдабергенова мен   А.Т.Юксель  Дөңгелек үстелді ұйымдастыру барысында тыңғылықты жұмыс жүргізіп, мазмұнды түрде өткізді. Универсиетет кітапханасы қызметкерлері де академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың -125 жылдығы қарсаңында шыққан жаңа басылымдармен таныстырып, қатысушылармен викторина ұйымдастырды.

    «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған «Қаныш Сатпаев - ғалым, тұлға, патриот - 125 жыл» атты дөңгелек үстел өткізуде алға қойған мақсаттарын толығымен меңгерді.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.