УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Елордада дәстүрлі әншілердің I Республикалық байқауы басталды

Қазақ ұлттық өнер университетінде Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» дәстүрлі әншілердің I Республикалық байқауы өтіп жатыр. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Кенен Әзірбавтің немересі  Мұхтар Әзірбаевтің қатысуымен ұйымдастырылды.

Байқауға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан өңірлерінен дәстүрлі өнердің 25 талантты орындаушысы қатысуда. Іс-шара Қазақстанның дәстүрлі ән өнерін сақтап қалуға және дамытуға, сондай-ақ жаңа талантты орындаушылардың ашылуына ықпал етуге арналған. Байқауға қатысушылар 700 мың теңге көлеміндегі бас жүлдеге жарысатын болады.

«Бүгін керемет конкурс басталайын деп жатыр. «Мен сүйемін халқымды» атты ең алғашқы дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауы «Kenen Ata» қорының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университетінде бастама алып жатыр, болашақта бұл байқау дәстүрлі ән өнері жас дарындарының  үлкен сахнаға жолдарын ашады деп сенемін», - деді ҚазҰӨУ ректоры м.а. Азамат Желтыргузов.

Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» I республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жабылуы 14 мамыр күні сағат 18:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтеді. (Жеңіс даңғ.33).


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.