УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ ректоры Жоғары музыкалық оқу орындары ректорларының халықаралық форумына қатысты

ҚазҰӨУ ректорының м.а. Азамат Желтыргузов Қалия Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясы ұйымдастыруымен өткен Жоғары музыкалық оқу орындары ректорларының халықаралық форумына қатысты.
Қара-Қырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына және Қырғыз ұлттық консерваториясының 30 жылдығына арналған форумға АҚШ, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Вьетнам, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Франция сияқты 15 елден белгілі мәдениет қайраткерлері мен 30 музыкалық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Шолпан-атада форумға қатысушылар музыкалық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл музыкалық білім беруді дамытуға және студенттер мен оқытушылардың кәсіби өсуіне бағытталған халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасудың жаңа кезеңі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар: «Меморандум бірлескен білім беру және мәдени жобаларды іске асыру, елдер арасындағы байланыстарды нығайту және музыкалық өнер деңгейін арттыру үшін негіз болатынына сенім білдіреміз», - деген тілектерін айтты.
Іс-шара Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің, сондай-ақ ҚР Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің қолдауымен өтті.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.