УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ студенттері түсірген қысқаметражды фильм кинематографистер байқауында үздік 10 фильмдерінің қатарына енді

ҚазҰӨУ студенттері түсірген қысқаметражды фильм 48 Hour Film Race («48 сағатта түсіру») кинематографистер байқауының қорытындысы бойынша  үздік 10 фильмдерінің қатарына енді.
ҚазҰӨУ «Анимациялық кино режиссурасы» мамандығының 3 курс студенттері Байкен Жәңгір мен Мереке Алмаз жыл сайынғы конкурсқа «Menin suyiktim..» атты анимациялық фильмін ұсынды. Олардың жұмысы «Қазылар алқасының арнайы сыйлығын» жеңіп алды және 2024 жылы жарысқа қатысқан 282 әуесқой және кәсіби жұмыстардың үздік он фильмнің қатарына енді.

48 Hour Film Race – Орта Азия байқауы, конкурстың шарты бойынша қатысушылар екі тәулікте қысқаметражды фильм жасап шығаруы тиіс – 48 сағат ішінде командалар сценарий жазып, түсіріп, өңдеп, ұйымдастырушыларға 4 минуттан аспайтын фильм ұсынуы керек.

Биылғы жылы 9-шы рет өткізілген жыл сайынғы байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан кәсіби және әуесқой командалар қатысты.
Біз студенттеріміздің жеткен жетістіктеріне қуанамыз, мақтан тұтамыз. Сіздерге толағай шығармашылық табыс тілейміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.