УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ студенттері Берлинде өткен беделді симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті


Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінен құрылған «Еуразиялық симфониялық оркестр» және Домбырашылар ансамбілі Берлинде өткен «Young Euro Classic» фестиваліне қатысты.

Іс-шара 2000 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік жастар симфониялық оркестрлерін жинайды.
Фестиваль дирекциясының шақыруы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен биыл оған ҚазҰӨУ Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі қатысты. Концертті еуропалық көрерменмен бірге Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов, дипломатиялық корпустың мүшелері және Берлиндегі қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады.

Фестиваль қатысушыларының репертуары белгілі Еуропалық симфониялық шығармалардан ғана емес, сонымен қатар музыкалық ұжымдардың қайталанбас өзіндік ерекшелігін көрсететін дәстүрлі композициялармен де толықтырылды. Қазақстандық музыканттардың көрерменге ұсынған бағдарламасы:

 1. Р. Шуман фортепиано мен оркестрге арналған концерт (солисті:Карина Измайлова, Еуразиялық симфониялық оркестр, дирижёрі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров);

2. Н. Тілендиев «Махамбет» ( Еуразиялық симфониялық оркестрі, дирижёрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров және «Шабыт» домбырашылар ансамблі,көркемдік жетекшісі Батырлан Әбенов);

3. В. А. Моцарт «Rondo alla turka» (Еуразиялық симфониялық оркестрі, Дирижёрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров және «Шабыт» домбырашылар ансамблі,көркемдік жетекшісі Батырлан Әбенов);

4.Қазақ күйлерінен "Күй шашу" ("Шабыт" домбырашылар ансамблі,көркемдік жетекшісі Батырлан Әбенов);

5. А.Дворжак № 8 Симфония (Еуразиялықсимфониялық оркестрі, Дирижёрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров )

Берлин қаласындағы Концертхаусте 2016 жылы жоғары деңгейде қойылған фестиваль дебютынан кейін Қазақ ұлттық өнер университеті Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің екінші рет осы сахнаға шығуы еді.

Концерттің көрермендерге ерекше қызық болғаны композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы. Бұл шыгарма бұрын халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрлермен орындалып жүрсе, бүгін ,осы концертте "Шабыт" домбырашылар ансамблі мен симфониялық оркестрімен қосылып тұңғыш рет орындалып, дыбыстарының үйлесімі орталық еуропалық тыңдарман үшін бұрын естілмеген,жаңа дыбыс үйлесімін тарту етті.

Әрине, фестиваль қатысушыларын қазақстандық жас музыканттардың репертуарындағы Роберт Шуман немесе Антонин Дворжактың шығармаларын виртуоздық орындауы таң қалдырды.

Көрермендер қазақстандық музыканттардың өнерін жоғары бағалады, әсіресе "Шабыт" домбырашылар ансамблінің орындауындағы "Күй шашу" көрермендерді қазақтың күй өнерінің бірнеше мектептерімен таныстырып таң қалдырса, ҚазҰӨУ Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің орындауындағы Антонин Дворжактың Сегізінші симфониясы көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.

Концертті EuroArts компаниясы тікелей эфирде көрсетіп,концерттің видео таспасы Arte телеарнасының сайтында 2025 жылдың акпан айына дейін көріп,тамашалауға ашық болады.
Сілтеме: https://www.arte.tv/de/videos/121590-005-A/eurasian-student-symphony-orchestra-kasachstan/?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAaYTULhgnua5Vkk6LObwGL3LqN8rPUcSbivIalKGPeS9nGw8dceNpyYNqTQ_aem_fUa1kV_pnVxJeyeA1TaoMQ


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.