УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ-де Президент Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

Қазақ ұлттық өнер университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге ҚазҰӨУ ректорының м.а. Раушан Нұртаза, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Жоғары оқу орны басшысы педагогтар мен жастардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы тек саяси және экономикалық реформаларға ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына және кадрлық әлеуетті арттыруға да назар аударатынын атап өтті. «Адами ресурстарды дамытуда кәсіби кадрлардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және жаңа және әділ Қазақстанды қалыптастыруға өз үлесін қоса алатын кәсіпқойлардың жаңа буынын тәрбиелейтін жоғары оқу орындары негізгі рөлдердің бірін атқарады»,- деді Раушан Нұртаза.

Студенттер Жолдауда айтылған бастамаларды талқылауға белсене қатысып, Президент айқындап берген жолға қолдау білдірді. Жастарға әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, кәмелеткетолмағандарды құмар ойындарға тартудағы жауапкершілік, сондай-ақ жоғары білім беруді интернационалдандыру және елге 23 танымал шетелдік жоғары оқу орындарын тарту туралы сөздер ерекше маңызды болды.

ҚазҰӨУ факультет декандары, оқытушылары мен студенттері де Жолдау бойынша баяндама жасады.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіру мақсатында студенттер Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.