ҚазҰӨУ студенттері 13 қыркүйекке дейін созылатын ауқымды спорттық іс-шараны өткізуге көмек көрсетіп, еріктілер қатарына қосылды.
Сонымен қатар, жас музыканттар -скрипкашылар, домбырашылар - еліміздің ең танымал және үздік шығармашылық ұжымдарымен бірге бір сахнада өнер көрсетті. Іс-шараның ашылу салтанатының көрермендері арасында мәртебелі қонақтар – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сонымен қатар, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Саха Республикасының (Якутия) көшбасшылары да болды.
Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан дүбірлі дода - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 80 астам елден 2500 спортшы қатысуда.
Ауқымды спорттық іс-шараны өткізуге атсалысып жатқан студенттерімізге алғыс білдіреміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.