2025 жылдың 20 ақпан күні К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-де халық күйшісі, қобызшы Дәулет Мықтыбаевтың 120 жылдығына арналған “Дәулет Мықтыбаевтың орындау әдіс-тәсілдері” атты лекция-концерт өтті.
Шара барысында Дәулет Мықтыбаевтың өмірбаяны,шығармашылығы талқыланып, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры Әпсеметов Марат Оралбайұлы Дәулет Мықтыбаев туралы тың деректерімен бөлісті. Дәулет Мықтыбаевтың шәкірті Әбдіманап Жұмабекұлының ұстазы туралы жолдаған сұхбаты көрсетілді.
Жиынға қобызшы Кәрібаева Бахыт, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Қобыз және ОХА” кафедрасының профессоры Раушан Жұмабекқызы Оразбай, кафедра ұстаздары және Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық байқаудың лауреаты, III курс студенті Нұрашев Жалғас, Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастардың XXVII байқауының лауреаты, II курс студенті Ахметжанова Әйгерім Даулетқызы қатысты.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.