2025 жылдың 29 сәуір күні Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен оқу орындары арасында 1 мамыр – Қазақстан халықтары күніне орай «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.
Аталған іс- шараға К.Байсейітова ат.ҚазҰӨУ- нің студенттерінің “Шабыт” құрама командасы қатысты.
Команда мүшелері:
1.Арысбай Мадина- команда капитаны, “Графикалық дизайн” мамандығының 3 курс студенті.
2. Әли Диляра - “Графикалық дизайн” мамандығының 3 курс студенті.
3.Самарқан Жанбек - “Домбыра” мамандығының 1 курс студенті
4.Байкенов Жарқын - “Домбыра” мамандығының 1 курс студенті
5.Жолжақсы Арайлым - “Домбыра “мамандығының 1 курс студенті
Команда жетекшілері ӘГП кафедрасының оқытушылары Атанакова Қ.М., Каудырова А.О.
Ойын нәтижесі бойынша команда мүшелеріне алғыс хат, бағалы жүлделер табысталды.