УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 30 сәуір күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының 55 жастан асқан ардагер ұстаздары мен қызметкерлері арасында шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан турнир өткізілді. 

Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.


Аталған турнирге К.Байсейітова атындағы  Қазақ ұлттық өнер университетінен шахмат ойыны бойынша:

кинооператор, режиссер Тайшанов Талғат Тұрғамбайұлы,

кескіндеме және мүсін кафедрасының аға оқытушысы Бектас Армат Шәкірұлы,


ал тоғызқұмалақ ойыны бойынша:

«Айгерім» студенттер үйінің тәрбиешісі Қасен Назгүл Қайроллақызы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша университетіміз жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды. 


Сонымен қатар, жеке нәтижелер бойынша да үш қатысушымыздың әрқайсысы жүлделі 3-орынға ие болды.

Университет ұжымы атынан ардагер әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы бастамаларына сәттілік тілейміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.